«С5+1» елдері Елшілерінің АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісімен жұмыс кездесуі туралы

Қазақстан Елшілігі АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Дональд Лумен кездесу ұйымдастырды.

Іс-шараға Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары қатысты.

Экономикалық салалардағы ынтымақтастықты дамыту, COVID-19 пандемиясының әлеуметтік-экономикалық салдарын еңсеру, сондай-ақ климаттық дағдарысқа қарсы тұру өзекті мәселелері кездесудің басты тақырыптарының біріне айналды.

Тараптар «С5+1» диалогтық алаңының маңыздылығын құптап, оның өңірлік ынтымақтастық мәселелерін шешудегі тиімділігін, оның ішінде Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсетуді атап өтті.

Сондай-ақ, қатысушылар Орталық Азия елдерінің тәуелсіздігі мен АҚШ-пен екіжақты қарым-қатынас орнатуының 30 жылдығын атап өтті және аймақтық форматтағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға үміт білдірді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте