Қазақстан жаңалықтар
23 ноября 2021, 21:10
Денсаулық сақтау министрі өзі жайлы мемдерге қалай қарайтынын айтты
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой интернеттегі өзі жайлы әзіл-қалжыңға философиялық көзқараспен қарайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бұл қалыпты құбылыс қой, халық шығармашылығы. Менің ойымша, бұған философиялық көзқараспен қарау қажет. Жеке тұлғаға қызығушылықтың болуы қалыпты жағдай. Халық шығармашылығы мәңгі жасайды. Бұл өмір", - деді Цой үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап беріп.
Министр өзі басты кейіпкерге айналған карикатураларды көргенін айтты.
"Әрине, көрдім. Достарым, таныстарым, журналистер өте жиі жіберіп тұрады", - деді Цой.
Вам может быть интересно: «В Австрии проводят "коронавирусную" лотерею: главные призы — дом и электромобиль »
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes