Жәнібек Әлімханұлы экс-чемпионды нокаутқа түсірді – тартысты жекпе
Sputnik - Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы әлем чемпионы франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикамды жеңді.
Жекпе-жек Лас-Вегастағы бокс кешінде өтті. Қос спортшының айқасы он раундқа есептелген.
Үшінші раундта қазақстандық бірнеше соққыдан кейін экс-чемпионды нокдаунға түсірді. Бірақ Хассан Н'Дам жекпе-жекті жалғастырды. Осыдан кейін Әлімханұлы қарсыласын соққының астына алды. Сегізінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатып, отандасымыз жеңіске жетті.
Бірде бір рет жеңілмеген қазақстандық кәсіпқой бокстағы 11-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал 38 жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған Н'Дам бұл жолы алтыншы мәрте жеңіліске ұшырады.
Осылайша Әлімханұлы өзінің WBO Global белдігін қорғап қалды. Сондай-ақ ол WBC Continental титулына ие.
Еске салсақ, бокс кешінің басты оқиғасы америкалықтар Теренс Кроуфорд (37-0, 28 КО) пен Шон Портер 31-3-1, 17 КО) арасындағы жекпе-жек болады.
Вам может быть интересно: «Қазақстанда 20 жыл ішінде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді»