Ресейге 500 тонна бензинді заңсыз тасымалдамақ болғандар ұсталдыl
Павлодар облысында 480 тонна жанар-жағармайды "еріткіш" ретінде Ресейге шығармақ болғандар ұсталды.
Қаржы мониторингі агенттігінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті 480 тоннадан астам АИ-92 маркалы бензинді Қазақстаннан Ресейге заңсыз тасымалдамақ болғандардың жолын кесті, деп хабарайды Sputnik.
Тергеу барысында бензинді "еріткіш" түрінде теміржол цистерналары арқылы тасымалдау жоспарланғаны анықталды. Бензинді сату келісімшартының жалпы сомасы 2,8 миллиард теңгені құрайды.
Қазір бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігі.
Агенттік мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы күресті жалғастырады.
Еске салсақ, Қазақстан бензин мен дизельді отынды автокөлікпен ел аумағынан шығаруға тыйым салды. Шектеу алты ай бойы күшінде болады.
Вам может быть интересно: «Қазақстанда 20 жыл ішінде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді»