Шығыс Қазақстанда өзін банкротпын деп жариялаған кәсіпкер сотталып кетті

Шығыс Қазақстан облысында өз фирмасын әдейі банкрот деп жариялаған кәсіпкер сотталды, деп хабарлайды Sputnik.

"Центр ОДИ" ЖШС директоры Ю.Жексенев өз фирмасына тиесілі қонақ үй кешенін (дәмхана-бар, сауна) үлестес тұлғалардың меншігіне заңсыз өткізген.


Осылайша ол мемлекет алдында берешегі барын біле тұрып, 105 миллион теңге салық төлеуден жалтарған, деп мәлімдеді Қаржы мониторингі агенттігі.
Сот шешімімен кәсіпкердің 1,5 жылға бас бостандығы шектелді.

Кәсіпорын нысандарына арест қойылды, оның ішінде қонақ үй, дәмхана-бар, сауна, шаруашылық блок ғимараты бар.

Әрі қарай оқу: 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте