Қазақстан жаңалықтар
14 ноября 2021, 18:30
Шекарашылар жанар-жағармайды заңсыз өткізудің жолын кесті
2021 жылғы 13 қарашада ҚР ҰҚК ШҚ шекара жасағы Жамбыл облысы Меркі ауданының «Чальдовар» (теміржол) өткізу пунктінде Қазақстан аумағынан шамамен 68 тонна дизель отыны мен 120 тонна бензинді заңсыз әкету әрекетін болдырмады (отын түрін сараптама белгілейді).
Отыны бар үш цистернаны тасымалдау газ конденсаты түріндегі жүк темір жол құрамымен жүзеге асырылды.
Сараптама қорытындысы бойынша ұсталған тауарды іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне беру жоспарлануда. Ұсталған жанармайдың алдын ала құны 50 млн теңгені құрады.
Вам может быть интересно: «Қазақстанда 20 жыл ішінде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes