Елде пандемия басталғанда жабылған ішкі рейстердің барлығы іске қосылды
Қазақстанның әуе қатынасы саласындағы көрсеткіштер былтырмен салыстырғанда біршама өсті, деп хабарлады азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
Соңғы тоғыз айда тасымалданған жолаушылар саны 81%-ке артып, 6,9 млн. адамға жетті. Әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны 70 процентке артып, 12,6 млн. адам (2020 жылдың 9 айында – 7,4 млн. адам, 2019 жылдың 9 айында - 12,3 млн. адам) болды.
Бүгінгі күні ішкі рейстер толықтай қалпына келтірілді (аптасына 57 бағытта 744 рейс).
Сондай-ақ 23 мемлекетпен (Түркия, Корея, БАӘ, Беларусь, Украина, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан, Египет, Ресей, Грузия, Тәжікстан, Польша, Нидерланды, Черногория, Армения, Ұлыбритания, Венгрия, Мальдив, Әзербайжан, Катар, Шри-Ланка, Таиланд) арадағы халықаралық рейстер (аптасына 63 бағытта 247 рейс) қайта ашылды.
Орташа есеппен алғанда ішкі бағыттарда күніне 106 рейс, халықаралық бағыттар бойынша 35 рейс орындалады.
Вам может быть интересно: «Қазақстанда 20 жыл ішінде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді»