«Qatar Airways» Қазақстанға әуе рейстерін ашады

19 қарашадан бастап «Qatar Airways» әуе компаниясы Доха – Алматы - Доха бағыты бойынша Қазақстанға тұрақты рейстермен ұшуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-320 әуе кемелерімен аптаның дүйсенбі және жұма күндері 2 реттен орындалады.

Екі ел арасында тұрақты рейстердің ашылуы сауда- экономикалық, мәдени және туристік қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте