Елордалық iKOMEK109 орталығына жыл басынан бері екі миллион өтініш келіп түсті
2021 жылдың басынан бері елордалық iKOMEK109 Бірыңғай байланыс орталығына 2 млн-нан астам өтініш келіп түсті. Оның ішінде 1,76 млн-нан астамы бірінші қоңыраудан өңделіп, жабылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Жыл сайын iKOMEK сервисін елорданың 600 мыңнан астам тұрғыны пайдаланады. Орталық жұмыс істеген уақыт ішінде 6 млн-нан астам өтініш қабылданды. Қаланың 1000-нан астам ұйымдарымен жұмыс жолға қойылған.
"iKOMEK109 - бұл қала тұрғындарымен бірге елордада жайлы және қауіпсіз өмір сүруді қамтамасыз ету үшін жұмыс істейтін жоба", - деп атап өтті iKOMEK Қалалық орталығының басшысы Жаннат Дубирова.
IKOMEK109 байланыс орталығы тұрғындармен өзара іс-қимылдың бірыңғай нүктесі болып табылады. Қала тұрғындары 2 500 - ден астам, соның ішінде сумен жабдықтау, жылыту, қоғамдық көлік, электрмен және газбен жабдықтау, денсаулық сақтау, абаттандыру және т. б. мәселелер бойынша өтініш білдіре алады.
IKOMEK109 мақсаттарының бірі тұрғындардың 90% - ға дейінгі мәселесін операциялық деңгейде қашықтықтан шешу болып табылады. Бүгінгі күні тұрғындар өтініштерінің 86,6% - ы бірінші қоңыраудан бастап жабылады.
Сонымен қатар, 109 қысқа нөміріне тегін қоңырау шалудан басқа, тұрғындар үшін ыңғайлы өтініш беру арналары құрылған: Telegram-бот, қала әкімдігінің сайты, iKOMEK109 және Smart Astana мобильді қосымшалары. Әрбір өтініш автоматты түрде тіркеледі және жауапты ұйымдарға орындауға беріледі. Өтініштің орындалу барысын iKOMEK орталығының мамандары оны толық пысықтағанға дейін бақылайды.
Сонымен қатар, осы жылдың басынан бастап 16 000 астам бейнебақылау камералары бойынша тәулік бойы бақылау арқылы iKOMEK Ахуалдық орталығы 13 000 астам құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде санкцияланбаған қоқыс тастайтын жерлерді анықтау және абаттандыруды бұзу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қауіпсіздікті тиімді үйлестіру мен орталықтандырылған мониторингілеуді қамтамасыз ету үшін iKOMEK орталығында Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің қызметкерлері орналасқан.
Вам может быть интересно: «Қазақстанда 20 жыл ішінде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді»