Кәрім Мәсімов: Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері туралы кітап шығады

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің жалпы редакциясымен «Отандық арнаулы қызметтің хроникалары. Адамдар, оқиғалар, фактілер туралы хикаялар», «Мемлекеттік шекара» кітаптары басылымға дайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат Комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кітаптар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекетіміздің шептерін қорғау ісіне лайықты үлес қосқан жедел қызметкерлер мен шекарашылардың қызметі туралы баяндайды.

Басылымдарға қазіргі уақытта құпиясыздандыруға болатын жайттар ғана енгізілді. Оның негізінде – нақты адамдар, оқиғалар мен фактілер, олар оған тікелей қатысушылардың эмоциясын жеткізетін қатаң деректі стильде мазмұндалған.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте