Қазақстан жаңалықтар
24 октября 2021, 14:28
Нариман Курбанов әлем Чемпионатында алғашқы төртікке енді
Ішкі істер министрінің орынбасары Ақтөбеде Президенттің қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы цифрландыру жөніндегі тапсырмаларының іске асырылуын бақылады
Жапонияның Китакушу қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем чемпионатында гимнастикалық ат снарядындағы финалдық сын аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz.
Бұл жаттығу бойынша қазақстандық Нариман Курбанов финалға шыққан болатын. Ақтық сында Нариман 14,766 ұпай жинап, әлем чемпионатын төртінші орынмен тәмамдады.
2019 жылы Штутгартта (Германия) өткен әлем біріншілігінде Нариман бесінші орынға табан тіреген болатын.
Гимнастикалық ат снаряды бойынша америкалық Штефан Недарашик әлем чемпионы атанды. Күміс және қола жүлдені тиісінше Қытай және Жапония спортшылары жеңіп алды.
Вам может быть интересно: «Қазақстанда 20 жыл ішінде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes