Алматыда төрт сағат ішінде 60-қа жуық жол апаты болды – полиция үндеу жасады
Алматыда ауа райының нашарлауына байланысты таңғы сағат сегізден 57 жол апаты тіркелді. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады, деп хабарлайды Sputnik.
«Алматы полиция департаменті жедел басқару орталығының мәліметінше, бүгін таңғы 08:00-ден бастап »102« пультіне жол-көлік оқиғасы туралы 57 хабарлама келіп түсті», - деді полициядағылар.
Мегаполисте таңертеңнен бері жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендеп, кейін қар түсті. Ауа райының нашарлауына байланысты тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.
«Бұл үндеу, әсіресе, көлік басқаратын жүргізушілер құрамына арналады. Біз оларды жол қозғалысы ережелерін сақтауға, көлік жүргізу мәдениетіне және мұқият болуға шақырамыз. Қауіпсіздік талаптарын сақтау қала жолдарында қайғылы оқиғаларды болдырмауға көмектеседі», - деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.
Бұған дейін Алматы ТЖД 22 қазан, жұма күні оқта-текте қар мен жаңбыр жауып, тұман түсіп, көктайғақ болатынын ескерткен еді. 23 қазан түнде және таңертең қаланы тұман басады, көктайғақ болады. Ауа температурасы плюс 18 градустан плюс 2-4 градусқа дейін төмендейді.
Құтқарушылар жүргізушілерге алыс сапарға шықпауға кеңес берді.
Әрі қарай оқу:
Вам может быть интересно: «Қазақстанда 20 жыл ішінде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді»