Үстел теннисінен ҚР кубогінің жеңімпаздары анықталды

Алматыда үстел теннисінен ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан кубогі додасы аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды деп хабарлайды  Olympic.kz сайты.

Ерлер арасындағы финалдық кезеңде Шығыс Қазақстан облысының спортшылары Ақтөбе облысы командасынан 3:1 есебімен басым түсті. Үшінші орынды Қарағанды облысы иеленді.

Әйелдер арасында Қарағанды облысының құрамасы Шымкент спортшыларын 3:0 есебімен ұтты. Үшінші орын ШҚО командасына бұйырды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте