Алты елден 200-ден астам сарашылар қатысқан этносаралық келісім сұрақтары бойынша халықаралық конференция Таразда аяқталды
Қазақстан мен Кирибати БҰҰ-да ядролық сынақтардан зардап шеккен аймақтарды оңалту жөнінде бірлескен мәлімдеме жасады
«Қазіргі кезеңдегі этносаралық келісім: тәжірибе мен болашаққа міндеттер» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өз жұмысын аяқтады.
Оған Қазақстан, Ресей, Украина, Израиль, Болгария, Өзбекстаннан келген этносаралық қатынастар саласындағы 200-ден астам сарапшы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Ұлттық экономика, Ішкі істер, Білім және ғылым министрліктерінің, философия, саясаттану және дінтану институттарының өкілдері қатысты.
Конференцияның қорытынды бөлімінде Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев конференцияны қорытындылап, барлық қатысушыларға этносаралық бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»