Бурабайда сілеусін видеоға түсіп қалды

Бурабай ұлттық паркінде алғаш рет сілеусін фототұзаққа түсті, Sputnik деп хабарлайды.

Парк қызметкерлері сілеусінді жасырын камераға түсіру өте қиын екенін айтады, өйткені бұл мысық тұқымдас жабайы жануар өте сақ.


Бірегей кадрлар Ұлттық парктің Instagram-дағы аккаунтында жарияланды.

«Сілеусін жүргенде немесе жүгіргенде артқы аяқтарымен дәл алдыңғы табандардың ізін басатынын білетін бе едіңіз? Сілеусін бір тәулікте 30 шақырымға дейін жүреді. Сілеусін түлкіні жақтырмайды және оларға өз аумағында аң аулауға мүмкіндік бермейді», - деп атап өтті ұлттық парк мамандары.

Паркте Қызыл кітапқа енген бұл жануардан бөлек борсық, қасқыр, түлкі, қоян мен сусар тіршілік етеді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте