Ресейдің Калининград қаласымен әуе қатынасы қайта жанданды
Қазан айынан бастап Қазақстанда проблемалық берешекті сотқа дейін реттеудің жаңа тетігі іске қосылды
Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Нұр-Сұлтан – Калининград және Алматы – Калининград бағыттары бойынша әр бағытта аптасына 1 рейстен ашуға рұқсат берді.
Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлайды.
Boeing-737 әуе кемесімен тұрақты рейстерді 2021 жылғы 4 қарашадан бастап Ресейдің «Северный ветер» әуе компаниясы жүзеге асырмақ. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан – Калининград бағытында сенбі күндері, Алматы – Калининград бағытында бейсенбі күндері ұшады.
Рейстер әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалады.
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»