ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин 06.10.2021 жылғы «2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы» №713 Үкімет Қаулысына қол қойды.
«ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында ҚР Үкіметі демалыс күндерін 2022 жылғы 5 наурыздағы сенбіден 2022 жылғы 7 наурыздағы дүйсенбіге; 2022 жылғы 27 тамыздағы сенбіден 2022 жылғы 29 тамыздағы дүйсенбіге ауыстыруға қаулы етеді», — делінген 2021 жылғы 6 қазандағы Қаулы мәтінінде.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дереккөз:
Қолданылған материалдарға міндетті түрде primeminister.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс.
Вам может быть интересно: «В Китае заявили, что Индия препятствует решению приграничного вопроса»