Арай көшесінің учаскесі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады
Сингапурда еліміздің мәдени және табиғи мұрасына арналған «Tulipmania 2021» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті
«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ елордалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Арай көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Осы жылдың 10-11 қазаны аралығында Космонавтар көшесінен Нормандия-Неман эскадрильясы көшесіне дейінгі аралық көлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады.
«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз», – делінген ведомство хабарламасында.
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»