Қазақстан жаңалықтар
4 октября 2021, 09:01
Футзалдан Қазақстан командасы әлем чемпионатын төртінші орынмен аяқтады
Литвада футзалдан әлем чемпионатының қола жүлдегері анықталды деп хабарлайды Olympic.kz.
Үшінші орынға таласқан Қазақстан командасы Бразилиямен кездескен болатын.
Тартысты матчта біздің команда 2:4 есебімен жол берді. Айта кетелік, ойын барысында қазақстандықтар есепте алда тұрған болатын. Бірақ бұл басымдықты соңына дейін сақтай алған жоқ.
Осылайша, Қазақстан футзал командасы әлем біріншілігінде төртінші орын алды.
Ал әлем чемпионатының алтынына Аргентина мен Португалия құрамалары таласады.
Вам может быть интересно: «При взрыве у мечети в Кабуле погибли несколько мирных жителей»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes