Тоқаев ұстаздарды мерекемен құттықтады

Sputnik - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

"Ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Еліміздегі білім сапасы, ұлттың бәсекелік қабілеті жоғары болуы сіздердің біліктіліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңізге байланысты. Мемлекеттің мұғалімдерді жан-жақты қолдау саясаты жалғаса береді. Мәртебелі қызметтеріңіз табысты болсын!", - деп жазды президент Twitter-де.

Қазан айының бірінші жексенбісінде елімізде Мұғалімдер күні аталып өтеді.

1994 жылдан бері әлемнің 100-ден астам мемлекетінде қазанның алғашқы жексенбісі мұғалімдер мен білім саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі болып белгіленген. Кей мемлекеттер бұл мейрамды 5 қазан күні атап өтеді.

Биыл білім министрлігі айтулы дата аясында "Ұстазыңды құттықта" акциясын бастады. Бұл акцияға білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов те қатысты.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте