Нұр-Сұлтанда құтқарушылар Есіл өзенінен кәмелеттік жасқа толмаған қыздың денесін судан шығарып алды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
30 қыркүйек күні сағат 07:41-де «102» каналына «Серуен» көпірінің астында Есіл өзенінде адамның батып бара жатқаны туралы хабар келіп түсті.
Оқиға орнына дереу полиция жасақтары мен Төтенше жағдай департаментінің апаттық-құтқару қызметі жіберілді.
«Қайтыс болған қыздың денесін судан сүңгуірлер шығарды», - делінген хабарламада.
Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes