2021 жылдың 24 қыркүйегінде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат
2021 жылдың 24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Грузия, Түркия, Египет, Қытай, Үндістан, Әзірбайжан, Украина, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 47 халықаралық әуе рейсі келді.
Өткен тәулікте 6 370 авиажолаушы келді. Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 21 рейс, 2 878 жолаушы;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 13 рейс, 1 710 жолаушы;
Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 242 жолаушы;
Ақтау қаласының әуежайына - 6 рейс, 722 жолаушы;
Ақтөбе қаласының әуежайына - 1 рейс, 40 жолаушы;
Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс, 238 жолаушы;
Орал қаласының әуежайына - 2 рейс, 392 жолаушы;
Түркістан қаласының әуежайына - 1 рейс, 148 жолаушы;
Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»