Елордада 300-ге жуық кәсіпкерлік нысан «ASHYQ» көшбасшысы атанды
Елордада 13 мыңнан астам кәсіпкерлік субъекті «ASHYQ» жобасына қатысуда, олардың 294-і оның көшбасшысы болып есептеледі. Бұл статус жұмыс уақытын, сондай-ақ келушілер санын арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Елордада «ASHYQ» жобасының көшбасшыларының тізімі бірнеше аптада жаңартылып отырады. Нұр-Сұлтан қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қуанышбек Мұқаш кәсіпкерлерге осы статустың артықшылықтарын айтып берді.
«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қазір «ASHYQ» жобасына қатысатын 13 мыңнан астам кәсіпкерлік нысан бар. Қазіргі уақытта елордада осы жобаның 294 көшбасшысы анықталды. Көшбасшылар өзгелеріне қарағанда екі сағат артығырақ жұмыс істеуге құқылы. Ал мекеме қызметкерлерінің 90 пайызы екпе алған болса, олар келушілер санын көбейтуге құқылы. Мысалы мейрамханаларға келушілердің 50%-ын бір уақытта қабылдауға рұқсат етілсе, ASHYQ көшбасшылары бұл санды 70%-ға дейін арттыра алады. Мейрамханалар мен кафелер үшін бұл өте жақсы мотивация. Барлығы көшбасшы болғысы келеді. Бұрын 150 нысан жоба көшбасшысы болса, қазір олардың саны 300-ге жуық», - деді Қуанышбек Мұқаш.
Бүгінде елорданың кәсіпкерлік нысандарының көпшілігі «ASHYQ» жобасына қатыса отырып, QR-кодты сканерлеу арқылы өз қызметін жүзеге асырады. Осылайша көптеген мейрамханада келушілер саны артты. Бұл азаматтардың денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және үй карантинін бұзушыларды анықтауға мүмкіндік береді.
Вам может быть интересно: «В Украине введут обязательную вакцинацию от COVID-19 для госслужащих и работников учебных заведений»