Елордада ТКШ саласының мамандары сертификаттаудан өтіп жатыр
Нұр-Сұлтанда көппәтерлі үйлерді басқаратын қызметкерлерді даярлайтын арнайы орын ашылды. Енді Мүлік иелерінің бірлестіктері (МИБ) арнайы дайындық орталығының мамандарын жұмысқа қабылдай алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
«Қолданыстағы тұрғын үй заңнамасының нормаларына сәйкес, енгізілген өзгерістер мен түзетулер негізінде өз үйін басқару үшін басқарушы компанияларды немесе басқарушы менеджерлерді жұмылдыру құқығы бар. Өз кезегінде, басқарушы компания немесе менеджер тұрғын үй қоры саласында жұмыс істеу үшін растайтын құжаттары бар мамандар штатына ие болуы тиіс», - деді Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Рүстем Әбдірашев.
«Біз тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мамандарды сертификаттауға арналған алаңдар ашуға бастамашы болдық. Онда тұрғын үй қорына қызмет көрсету, МИБ-пен жұмыс істеу үшін тұрғын үйді басқарушылар сертификаттаудан өтеді. Мұнда МИБ қызмет көрсететін мамандарды жалдай алады», - деді Нұр-Сұлтан қаласы МИБ орталығының басшысы Гүлвира Әбетова
Вам может быть интересно: «В Германии застрелен кассир АЗС за требование к клиенту надеть маску »