Әлемдік World CleanUp day акциясына Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қатысты

Бүгін, 18 қыркүйек, кезекті Дүниежүзілік тазарту күні. Әлемдегі ең ірі экологиялық іс-шаралардың бірі болып табылатын акцияда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қызметкерлері астанамыз Нұр-Сұлтанның ең маңызды нышандарының бірі болып табылатын "Мәңгілік ел"салтанат қақпасының ауданында үлкен тазалау жұмыстарын жүргізді.

Министрлік қызметкерлері тазалауға қатысып қана қоймай, бір-бірімен көшелердегі және қоршаған ортадағы қалдықтардың түрлері және олардың шығу тегі туралы құнды ақпаратпен бөлісті. Бұл қоршаған ортаны және экологияны қорғау қажеттілігін саналы түрде түсіну үшін қажет.

Анықтама:

Дүниежүзілік тазалау күні (World Cleanup day) 24 сағат бойы, жыл сайын қыркүйектің 3-ші сенбісінде өткізіледі.
Бұл күн қоғамның барлық салаларын тазарту іс-шараларына қатысуға жұмылдыру арқылы орынсыз қалдықтар дағдарысы туралы хабардар болуға бағытталған. 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте