Қазақстан жаңалықтар
17 сентября 2021, 14:16
Елімізде коронавируспен ауырған 1 мыңнан астам адамның жағдайы ауыр
Елімізде коронавируспен ауырған 1 064 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
«Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 17 қыркүйектегі мәлімет бойынша 72 789 адам коронавирус инфекциясынан (64 262 КВИ+ және 8 527 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 13 610 пациент стационарда жатыр, 59 179 науқас амбулаторияда емделіп жүр», делінген хабарламада.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 064 адамның жағдайы ауыр, 317 пациенттің жағдайы өте ауыр, 192 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes