ҚР Президентінің арнаулы өкілі Ержан Қазыхан ЕҚЫҰ-ның БАҚ еркіндігі жөніндегі өкілімен кездесті
Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан Қазақстанға алғаш рет сапармен келген ЕҚЫҰ-ның БАҚ еркіндігі жөніндегі өкілі Тереза Рибейромен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесу барысында арнаулы өкіл Мемлекет басшысының бастамасы бойынша саяси және әлеуметтік-экономикалық салада жүргізіліп жатқан реформалар мен елдің тұрақты дамуының басымдықтары туралы айтты.
Тереза Рибейро Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БАҚ еркіндігі, азаматтық қоғамды қолдау, сот реформасы, әйелдер мен мүгедектердің құқықтарын ілгерілету жөніндегі жүргізіп жатқан саясатын жоғары бағалады.
Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы серіктестік қатынастар жақсы дамып келеді, сондай-ақ, саяси, экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша ынтымақтастықтың жаңа бағыттары қалыптасуда.
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»