Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Ресейдегі парламент сайлауына жіберілетін байқаушылардың тізімін бекітті, Sputnik деп хабарлайды.
"Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасы депутаттарының сайлауын байқауға ТМД-дан және ШЫҰ-дан байқаушылар миссияларының құрамында, сондай-ақ Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының шақыруы бойынша Қазақстан Республикасының 10 өкілі қатысады", - делінген ОСК-ның хабарламасында.
Делегация құрамына республиканың ОСК мүшелері, сондай-ақ дипломатиялық корпустың өкілдері енді:
Әлжанов Болат Садықұлы
Дауылбаев Ерлан Сламханұлы
Жүндібаев Марат Қонысбайұлы
Қанатқалиев Серікқали Хабылғалиұлы
Мұрзалин Жанболат Ибраимұлы
Мұстафина Сәбила Сапарқызы
Петров Константин Викторович
Тұрсынбаев Ілияс Қайратұлы
Хозеұлы Еділ
Щегорцова Анастасия Геннадьевна
Еске сала кетейік, сайлау 2021 жылдың 19 қыркүйегінде өтеді. 450 депутат сайланады, оның ішінде 225 депутат бір мандатты округтер бойынша сайланады (бір округ - бір депутат) және 225 депутат федералдық сайлау округі бойынша кандидаттардың федералдық тізімдеріне берілген сайлаушылар дауыстарының санына пропорционал түрде 5 жыл мерзімге сайланады.
Әрі қарай оқу:
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»