ҚР Қорғаныс министрі АҚШ генералын қабылдады

ҚР Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов АҚШ Орталық комитетінің қолбасшысы генерал Кеннет Маккензиді қабылдады. Бұл туралы ҚМ хабарлайды.

Нұр-Сұлтанда Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-лейтенант Мұрат Бектанов пен АҚШ Қарулы Күштері Орталық қолбасшылығының басшысы генерал Кеннет Маккензи кездесті.

Тараптар Ауғанстандағы жағдай мен өңірлік қауіпсіздікті, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы халықаралық әскери ынтымақтастықты, оның ішінде бітімгершілік қызмет шеңберіндегі мәселелерді талқылады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте