Жылдың соңына қарай республикалық жолдардың 90%-ы нормативтік жағдайға келтірілмек

Ағымдағы жылы жол-құрылыс жұмыстарымен 8,4 мың шақырым қамтылған, оның ішінде республикалық желі бойынша 5 мың шақырым, соның 3,6 мың шақырымы реконструкциямен, 1,4 мың шақырымы жөндеу жұмыстарымен қамтылған.

Жергілікті желінің жолдары мен көшелерінде жол-құрылыс жұмыстары 3,4 мың шақырым жолда жүргізілуде.

«Жыл қорытындысы бойынша біз республикалық автомобиль жолдарының 90%-ын және облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 80%-ын нормативтік жағдайға жеткізуді көздейміз»,- деп алға тартты Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте