Нұр-Сұлтанда Каспий маңы елдерінің сарапшылары келіссөздер жүргізуде

Келіссөздердің екінші кезеңіне Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей, Түрікменстан елдерінің өкілдері қатысуда. Сарапшылар Каспий теңізіндегі әскери қызмет ауқымындағы сенім шаралары туралы келісім жобасын талқылауда.

Бұл құжат 2018 жылғы Бесінші Каспий саммитінің қорытындысы бойынша Каспий маңы мемлекеттері басшыларының уағдаластықтарын іске асыру мақсатында дайындалған. Ол әскери қызметке қатысты сенім шараларын қабылдау арқылы Каспий теңізіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылық шеңберінде жағалаудағы мемлекеттердің мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте