МИБ жайлы егжей-тегжейлі: үйді басқарудың жаңа формасының артықшылығы қандай

Өз үйіңіздің ауласын абаттандырып, ТК-нің түйткілді мәселелерін қалай шешуге болады? Елорданың МИБ орталығында басқарудың жаңа формасы – мүлік иелерінің бірлестігі қандай мүмкіндіктер беретінін айтты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 42-бабына сәйкес мүлік иелеріне кондоминиум объектісін басқарудың екі нысаны ұсынылады – бұл мүлік иелерінің бірлестігі және жай серіктестік.

Бүгінгі таңда елордада МИБ енгізілгелі бері мүлік иелерінің 365 бірлестігі тіркелген.

Сонымен, тұрғындарға МИБ-ке ауысудың қандай артықшылықтары бар. Ең алдымен, бұл ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу тәртібін өздері таңдауға, мердігерлер мен материалдарды өз бетінше таңдауға, үй маңындағы аумақты абаттандыру, мысалы, шлагбаумдар орнату, көгалдандыру бойынша шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ меншік иелері ай сайынғы қаржылық төлемдерді пайдалану тиімділігін бақылай және арттыра алады, егер ол өз міндеттерін орындай алмаса, басқару органының басшысын ауыстыра алады, аумақты жинау немесе қорғау бойынша қызметтер болсын, сервистік компанияларды таңдай алады.

Айта кету керек, көппәтерлі тұрғын үйді тиімді басқару оның тұрғындары үшін жайлылықты арттырады және пәтердің нарықтық құнына оң әсер етеді. Бұл күш-жігер мен қаржылық қаражатты дұрыс салу маңызды инвестиция.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте