Қасым-Жомарт Тоқаев Петропавлдағы «Alageum Electric» электротехника зауытына барды
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Еуропа елдерінің жаңадан тағайындалған елшілерінен сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады
Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында Петропавлдағы «Alageum Electric» электротехника зауытының жұмысымен танысты, Ақорда хабарлайды.
Президентке трансформатор өндірісінің технологиялық желісі көрсетіліп, кәсіпорын қызметкерлеріне көрсетіліп жатқан әлеуметтік қолдау шаралары мен өндірісті одан әрі кеңейту жоспарлары туралы айтылды.
Зауыттың құрылысына 10 миллиард теңге инвестиция салынған. Жобалық қуаты бойынша кәсіпорын жылына 13 мың трансформатор шығарады деп жоспарланған. Шығарылатын өнімнің 98 пайызы ТМД елдеріне экспортталады.
Кәсіпорын еңбеккерлері, соның ішінде оңтүстік өңірден көшіп келушілер жеңілдікпен тұрғын үй алу мүмкіндігіне ие. Тәлімгерлерге оқуға және кейін жұмысқа орналасуға жағдай жасалады.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек ұжымымен әңгімелесті. Президент кәсіпорынның жұмысы мен оның экспорттық әлеуетіне жоғары баға берді. Мемлекет басшысы зауыттың табысты дами беретініне сенім білдіріп, отандық өнім өндірушілерге Үкімет тарапынан жан-жақты көмек көрсетілетінін айтты.
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»