Атырау қаласындағы сауда желілері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қосуға рұқсат етілген үстеме пайызды асырды
Азық-түлік ритейлінің нарығын, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларына баға белгілеу тізбегін талдау шеңберінде ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті «Идеал Маркет» ЖШС (Идеал дүкендер, Лидер), «ТД Ярмарка» ЖШС, «Анвар» ЖШС сауда желілері тарапынан бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген үстемеақыны (ӘМАТ) арттыруға қатысты бұзушылықтарды анықтады.
Ұлттық экономика министрлігі бекіткен «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңына және Ішкі сауда Қағидаларына сәйкес ӘМАТ-қа шекті сауда үстемесінің мөлшері 15 пайыздан аспауы тиіс.
Бұл ретте, мысалы, «Ярмарка ТД» дүкендер желісінде тазартылған күрішке үстеме баға 21% - ға дейін жеткен. «Идеал Маркет» дүкендерінде ұнға, күнбағыс майына, тазартылған күрішке, тауық жұмыртқасы (І санатты), сондай-ақ жеміс-көкөніс өнімдеріне 16% - дан 76% - ға дейін жеткен.
«Анвар» желісінде тазартылған күріш, сары май, қарақұмық жармасына 17% - дан 23% - ға дейін қосылған.
Естеріңізге сала кетейік, баға мониторингі жүзеге асырылатын азық-түлік тауарларының 19 атауынан тұратын тізбе ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы бұзушылықтар үшін ескерту және шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 10 АЕК, орта субъектілер үшін 75 АЕК және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 300 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жергілікті атқарушы орган салатын әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Тиісті ақпарат құзыреттілігі бойынша шаралар қабылдау үшін Атырау қаласы әкімдігінің қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мекен-жайына жіберілді.
Вам может быть интересно: « Казахстан возобновляет регулярные авиарейсы с Венгрией»