Нұр-Сұлтанда Сарыбұлақ өзенінде экологиялық сенбіліктер өткізілуде

Сарыбұлақ өзенінде жоспарланған сенбіліктер аясында жалпы саны 30 адамнан тұратын "Жаснұр "ӨШҚ" МКҚК қызметкерлері және "Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы" ММ қызметкерлері, сондай-ақ 15 адамнан тұратын еріктілермен арнаны, су бетін және жағалау бөлігін тазарту бойынша экологиялық сенбілік өтті, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Тазарту жұмыстары Тілендиев көшесіндегі көпірден сағаға дейін жалпы ұзындығы 2 км жерде өтті.

Аумақты түрлі қоқыстан және қатты тұрмыстық қалдықтардан, соның ішінде киім, матрац, көрпе, жастық, резеңке шиналардан тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді; сондай-ақ су беті тазартылып, құлаған жапырақтар мен ағаш бұтақтары жиналды, беткейлердегі артық өсімдіктер шабылды.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаудан бөлек, Сарыбұлақ өзенінде су бетін су лалагүлдерінен, қамыстан тазарту жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Жалпы алғанда 860 кг өсімдік қалдықтары мен ҚТҚ жиналды және шығарылды. Естеріңізге сала кетейік, енді сенбіліктер әр жұма сайын өткізіледі.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте