Қазақстан жаңалықтар
25 августа 2021, 21:54
Президент Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы мен орынбасарын тағайындады
Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына Ермек Сағымбаев және орынбасары лауазымына Батырбек Байбосынов тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының өкімімен Ермек Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан босатылды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Батырбек Бердібайұлы Байбосынов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes