Алматы қаласындағы Германия Федеративтік Республикасының жаңа тағайындалған Бас консулы

Бас консулдық 2021 жылы 23 тамызында Марио- Инго Зоос мырзаның Германия Федеративтік Республикасының Алматыдағы Бас консулы қызметін бастағаны жайлы хабарлайды.

Бас консулдың әкімшілік ауданына Алматы мен Шымкент қалалары, сонымен қатар Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары кіреді.

Мюнхен қаласында заңгер мамандығы бойынша білім алғаннан кейін Зоос мырза өзінің қызметін Сыртқы істер министрлігінде бастаған. Дипломатиялық қызметі барысында ол Богота, Загреб, Никоcия, Вашингтон, Любляна мен Чикагода жұмыс жасаған.

Алматы қаласына Бас консул болып тағайындалғанға дейін Зоос мырза Берлиндегі Сыртқы істер министрлігінің бір бөлімінің бастығы болып қызмет атқарған.
Үйленген, 2 баласы бар.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте