"Самұрық-Қазына" АҚ Катар елінің іскерлер қоғамдастығымен ынтымақтастықты нығайта түспек

"Самұрық-Қазына" Қорының ұйымдастыруымен Қазақстан-Катар іскерлік кеңесінің отырысы өтті. Басқосуға Қазақстан және Катардың ірі компанияларының басшылары, ҚР Үкіметінің мүшелері, мемелекеттік ведомстволар мен қаржылық институттарының өкілдері қатысты.

Кеңес отырысында сөз сөйлеген "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан мен Катар арасындағы іскерлік қатынастар жаңа, сапалы деңгейге көтерілгенін атап өтті.

Қор басшысы стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтудің бағыттарын айқындады:

- ең алдымен Катар инвестициялық Қорымен энергетика, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, коммерциялық жылжымайтын мүлік пен жекешелендіруге жататын активтер салаларындағы ынтымақтастыты нығайту.

- екіншіден, тау-кен секторы, өнеркәсіп пен инфрақұрылым, құрылыс, туризм, агротехнологияларды дамыту салаларында көпжақты форматтағы ынтымақтастық негізінде ірі жобаларды іске асыру.

- үшіншіден, әлеуметтік маңызы бар бағыттарда - мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау сияқты салалардағы ынтымақтастықты нығайту.

Сауда-экономикалық әріптестіктің нәтижелеріне тоқталған Қордың Басқарма төрағасы Катар біздің еліміздің маңызды экономикалық серіктесі екенін ерекше атады. Қазіргі таңда Қазақстанда катарлық капиталдың қатысуымен жалпы құны 125 млн

АҚШ долларын құрайтын 3 жоба жүзеге асырылып жатыр:

• Алматы облысында «Qatar Development Bank» қатысуымен перинаталдық орталықтың құрылысы,

• «Barzan Holdings» қатысуымен "Матыбұлақ" әскери дайындық орталығының инфрақұрылымын жетілдіру жобасы,

• «Al Rayan Investment»-пен бірге "Астана Халықаралық Қаржы Орталығының алаңында тәуелсіз Катарлық банктің ашылуы.

Шара аясында катарлық компаниялардың өкілдері сөз сөйлеп, екі ел арасындағы іскерлік қатынастарды дамыту туралы ойларымен бөлісті. Қазақстан-Катар Іскерлік кеңесінің тең-төрағасы Мохаммед бин Ахмед Аль-Обайдли "Самұрық-Қазына" Қорымен бірлескен инвестициялық жобаларға қолдау білдіріп, Катар тарабы оларды іске асыруға мүдделі екендіктерін жеткізді. 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте