35 IТ-стартап Astana Hub-ты 2021 жылдың соңына дейін қаржыландыруды жоспарлап отыр

Astana Hub алғаш рет Seed Money бағдарламасының аясында IТ-стартаптарды қаржыландыруды іске қосады. Қаражат алу үшін бәсекелестік іріктеуден өту қажет. Қаржыландырудан басқа, IТ-стартаптар технопарктен кең қолдауға ие бола алады, Astana Hub баспасөз қызметі деп хабарлайды

Осылайша, қаржыландыру алушыларға тегін жұмыс кеңістігі, оқыту мен тәлімгерлік, 500 IТ-компаниядан тұратын инвесторлар мен қоғамдастыққа қол жеткізу,сонымен қатар салықтық және визалық преференциялар және PR-қолдау қолжетімді болады.
"Біздің мақсатымыз - Қазақстандық IТ-кадрлардың дамуына барынша ықпал ете отырып, IT-экспорт мүмкіндіктерін кеңейту және үздік тәжірибелерді зерттеу үшін біздің стартаптарымызға тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету”, - деп атап өтті Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.|

Astana Hub стартаптарды қаржыландыруға көмектесетін Revenue share жүйесін ұстанады. Биылғы жылы Seed Money бағдарламасы шеңберінде қаржыландыру алған әрбір қатысушы өз табысының 2% - ын Astana Hub пайдасына төлеу міндеттемесін өзіне алады: 1% - қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қаражатты игергеннен кейін 3 жыл ішінде төлеу және 1% - Astana Hub қатысушысы ретінде алымдарды төлеу.

Astana Hub-тан қаржыландыру алу үшін, IТ-стартап іріктеудің 6 кезеңінен өту қажет: өтінімді бастапқы қарау, өтінімді диагностикалау, презентацияға жобаларды іріктеу, питч-презентация, комиссияның шешімі және шарт жасасу. Тәуелсіз сарапшылар мен венчур инвесторлардаң құрастырылған комиссия нарықтың негізгі өкілдері мен венчурлік инвесторлар қатарындағы дамудың әртүрлі сатыларында кемінде 35 үздік жобаны іріктейді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызметтің түрлерінің тізбесіне сәйкес келетін жоба қаржыландыруға үміткер бола алады. Тізбеге робототехника, наноэлектроника, биометрия, ақпараттық қауіпсіздік, бұлтты есептеу, блокчейн, спутниктік навигация, жасанды интеллект, интернет заттары, виртуалды және кеңейтілген шындық, т.б. бағыттар кіреді.

 


Seed Money бағдарламасы Astana Hub ұсынған қаржылық қолдаудың алғашқы тәжірибесі болады, алдағы жоспарларда - жыл сайын алушылардың санын, қаржыландыру көлемін мен ауқымын ұлғайта отырып, тұрақты негізде IТ-стартаптарды қаржыландыруды енгізу.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте