Алматыда бюджет қаражаты 94%-ға игерілді

Алматыда бюджет қаражаты 94%-ға игерілді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Серік Ибраев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма басшысы келтірген деректерге сүйенсек, 2021 жылдың 1 шілдесіне басқарма бюджеті бойынша жоспар 314,2 млн теңге болған, оның 295,3 млн теңгесі немесе 94% игерілді.

«Игерілмеген сома 18,9 млн теңге, оның ішінде 8,9 млн теңге сенімгерлік басқарушының міндеттемесін орындауды бағалау бойынша конкурс рәсімдері жүргізілуде, 10 млн теңге мемлекеттік сатып алу бойынша үнемделді», - деді спикер.

Бюджет бағдарламалары әкімшілері және олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдар 2021 жылы 538,1 млрд теңге сомасына 114 538 сатып алуды өткізу көзделген.

Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы 2021 жылдың І жартыжылдығында жалпы сомасы 239,6 млрд теңгеге 434 байқау жариялаған.

«Аталған байқау жұмыстарына тоқталсам, 186,4 млрд теңге сомасына 274 конкурс өткізілді, тауарлар бойынша 8,1 млрд теңге сомасына 14 конкурс, қызметтер бойынша 45,1 млрд теңге сомасына 146 конкурс өтті. Өткізілген сатып алулардан үнем 14,5 млрд теңге», - деді Серік Ибраев.

Сондай-ақ ол 1 жартыжылдықта «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша Алматы қаласы бойынша жергілікті қамту үлесі 42% құрағанын жеткізді.

«Қарапайым заттар экономикасының тауарларын сатып алуға 8 сала бойынша 35 млрд теңге бөлінді, оның 11 млрд теңгесі игерілді. Жетекші орынды тамақ өнеркәсібі алады - 69%. Ең аз пайыз машина құрылысы саласында - 16%», - деді басқарма басшысы.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте