ДДСҰ Қазақстанға Германия Федеративтік Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің қаржылық қолдауымен 1,16 миллион доллар көлемінде медициналық көмек көрсетті

ДДСҰ Қазақстанға Германия Федеративтік Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің қаржылық қолдауымен 1,16 миллион доллар көлемінде медициналық көмек көрсетті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) денсаулық сақтау мекемелеріне тарату үшін 3,7 миллион медициналық маска жеткізді. Медициналық жүкті жеткізуді Германияның Федералды денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 таралуын болдырмау үшін қаржыландырды. Жүк Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды.

ДДСҰ-ның Қазақстандағы кеңсесінің аға медициналық кеңесшісі Германия үкіметімен медициналық көмек көрсету жөніндегі бірлескен жоба туралы айта отырып, «бұл стратегиялық серіктестік бізге қазіргі қиын уақытта қазақстандық медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетуге мүмкіндік береді», деді. Сондай-ақ ол Германияның Денсаулық сақтау министрлігіне ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін ризашылығын білдірді.

Сонымен бірге, «Қазақстандағы COVID-19-ға қарсы күрестің алдыңғы қатарындағы медицина қызметкерлеріне медициналық көмек көрсету – Германия халқының ынтымағының көрінісі. Германия үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі арқылы үкіметтер мен дәрігерлерді қабылдаушы елдерде COVID-19-мен қиын күресте қолдау көрсетуге тырысады»,-деді Германияның Қазақстандағы елшісі Тило Клинер мырза
Бұл жөнелту – Қазақстанда COVID-19 індеті басталғалы жоспарланған медициналық көмектің бір бөлігі. Маңыздысы, 2020 жылдан бастап Германия Федералды Үкіметі ДДСҰ-ның Қазақстандағы қызметін қаржыландырды және елдің төтенше қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 2,1 миллион доллардан астам медициналық көмек көрсетті.

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Әлия Рүстемова медициналық құралдардың маңыздылығын және олардың уақытылы болуын атап өтті. Оның айтуынша, медициналық маскалар медициналық мекемелер арасында, сондай-ақ қала тұрғындарының мұқтаж топтары арасында таратылады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте