Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 140 адам қайтыс болды

 Қазақстанда коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан бір тәулікте 140 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

7 тамыз күні елімізде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 76 жағдайы және 28 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса, 135 адам емделіп шықты. 13 наурыздан бүгінге дейін: ауырғандар – 63 442, қайтыс болды – 3915, жазылып шықты – 55 723 адам.

Сондай-ақ министрлік мәліметіне сәйкес, 7 тамызда Қазақстанда коронавирустан 112 адам көз жұмды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте