Президент қазақстандықтарды елдің 19 миллионыншы тұрғынымен құттықтады

 Қазақстан халқының саны 19 миллионға жетті. Бұл туралы Twitter-де ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді.

Жәния — отбасында төртінші бала. Ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтаймын. Бауы берік болсын!», - деп жазды Мемлекет басшысы.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте