Токио-2020: Боксшы Сәкен Бибосынов алғашқы қарсыласынан басым түсті

Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Жазғы Олимпиадада бүгін қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол 52 келі салмақта Пуэрто-Рико елінен келген Янкьель Ривера Фигероамен қолғап түйістірді.

Бибосынов қарсыласын 4:1 есебімен жеңіп кетті.

Енді ол франциялық Биллал Беннаммен шаршы алаңға шығады.

Сәкен Бибосынов 1997 жылдың 3 шілдесінде Түркістан облысында дүниеге келген. 2019 жылы Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, 57 келіде жұдырықтасқан Серік Теміржанов бірінші жекпе-жекте венгриялық Роланд Галоштың осал тұсын тапты.

Ал, 63 келіде Закир Сафиуллин перулік Леодан Песо Сабойяны жеңіп, жарыстың келесі сатысына жолдама алды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте