City Transportation Systems көлік компаниясы демалыс күндеріндегі автобус қозғалысына қатысты мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, сенбі және жексенбі күндері елордада қоғамдық көлік қозғалысы тоқтайды.
Сенбі және жексенбі, 24-25 шілде күндері қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлар жүрмейді.
Автобустарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
«Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды» деп ескертеді көлік компаниясы.
Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көліктік карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу арқылы.
Вам может быть интересно: «О рационе казахстанских боксеров на Олимпиаде в Токио рассказал тренер»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes