Алматыда мотоцикл қағып кеткен әйел мерт болды

Алматыда әйелді баласымен бірге мотоцикл мінуші қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апатының видеосы желіде пайда болды.

«Сәтбаев көшесі бойындағы жаңа алаңда әйелді баласымен бірге мотоцикл қағып кетті», - деп жазылған жазба астында.

Алматы қалалық Полиция департаменті 19 шілде күні сағат 22:00-де Бостандық ауданында орын алған оқыс оқиғаға қатысты түсінік берді.

«1962 жылы туған Г есімді DUKE BLACK мотоцикл жүргізушісі Сәтпаев көшесімен №4 ғимаратқа қарама-қарсы батыс бағытымен келе жатып Республика алаңында 2 жолаушыны қағып кетті. Ол 1976 жылы туған Н есімді жаяу жүргінші және қасында 2015 жылы туған М есімді кәмелет жасына толмаған жеткіншек баласы болған. Жол апаты салдарынан жарақат алған анасы мен баласы қалалық аурухананың реанимация бөліміне жатқызылды, ауыр жарақаттан әйел сол жерде көз жұмды. Сондай-ақ, мотоцикл жүргізушісі де жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Оқыс оқиға ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестрінде тіркелді. Тергеу жұмыстары басталды», - деді Алматы қалалық Полиция департаменті анықтау басқармасының басшысы Олжас Шәріпов.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте