Алматыда індет жұқтырғандар саны күзге қарай азаюы мүмкін

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында «үнді» штамы бойынша алдағы екі айға болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жандарбек Бекшин тамыз, қыркүйек айларына болжамын айтты.

«Әрине, ауру деңгейіне болжам жасап отырамыз. Науқастар саны ең көп болатын кезең - тамыздың басы мен ортасы. Сондықтан вирус жұқтырғандар саны қыркүйектің басында азаяды деп отырмыз», - деді Жандарбек Бекшин.

Бұған дейін ол Алматыда эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түскенін және ауру екі есеге өскенін айтқан болатын.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте