Атырауда биіктігі 50 метрден астам шолу дөңгелегі бар саябақ салынады

Атырауда биіктігі 50 метрден астам шолу дөңгелегі бар саябақ салынады

Ол туралы қала әкімі Серік Шапкенов халыққа есеп беру жиынында айтты,-деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау қаласының әкімі Серік Шапкеновтың айтуынша, қазір Атырау мемлекеттік университеті маңындағы Жайық өзенінің «банан жағалауынан» саябақ салуға арналған жобалау-сметалық құжаттама дайындалып, сараптамадан өтуде.

Саябақ ауданы – 6,5 гектар, аумағына 3,1 гектар жасыл желек отырғызылады, арша, бөртегүл егіледі.

Саябақ аумағына биіктігі 55 метр шолу дөңгелегі, әткеншек, балалар ойын алаңы, скейтборлинг, ұзындығы 300 метр жаяу жүргіншілер субұрқағы, шағын футбол алаңы, жаяу жүргіншілер және велосипед жолдары орналастырылады.

-Мұндай саябақ бұрыннан қажет еді, -деді Серік Шапкенов. -Облыс басшысының тапсырмасымен тұрғындардан ұсыныстар жинап, ең тиімді нұсқаны таңдап алдық.

Қала әкімі саябақ құрылысы жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік аударымдары есебінен жүргізілетінін айтты.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте