«Азаматтарға арналған үкімет» фронт-офистерді орналастыру үшін ғимараттар қарастыруда
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы фронт-офистерді орналастыру үшін жаңа ғимараттарқарастыруда. Қазіргі таңда азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін елуге жуық фронт-офистер жалға алынған ғимараттардаорналасқан, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы баспасөз қызметі хабарлайды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, өзара тиімді шарттар негізінде фронт-офистерді орналастырудың жаңа тұжырымдамасы әзірленуде. «Корпорацияның бір ғана фронт-офисінен күн сайын екі мыңға жуық адам өтеді. ХҚКО-лар бизнес-орталықтарға орналастырылған жағдайда, келушілер легі клиенттер легіне айналады. Біз бизнесмендерге серіктестік шеңберіндегі ынтымақтастықты ұсынамыз, ол бізге жалға алу шығынын болдырмайды, ал бизнес үшін – адамдар санының өсуіне ықпал етеді.Бұл ретте,коммуналдық шығындарды мемлекеттік корпорация өз міндетіне алады», - деп түсіндірді А. Оспанов.
Жалға беру туралы ұсынысты мына мекенжайға rent@goscorp.kz жолдауға болады.