Ұлттық Банкте ақша-кредит саясатының негізгі мәселелері бойынша БАҚ-пен кездесу өткізілді

Бүгін ҚР Ұлттық Банкінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді, оның барысында журналистерге ҚРҰБ жүргізетін ақша-кредит саясатының негізгі мәселелері бойынша түсініктемелер берілді, сондай-ақ инфляциялық таргеттеу режімі шеңберінде талдамалық және зерттеу жұмысының нәтижелері ұсынылды.

ҚРҰБ Зерттеулер және статистика департаментінің директоры Виталий Тутушкин атап өткенде        й, Ұлттық Банктің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. «Бағаның ұзақмерзімді перспективада тұрақтылығы ұзақмерзімді орнықты экономикалық дамуына ықпал етеді. Ұлттық Банк баға тұрақтылығын қамтамасыз етумен қатар қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге қолдау көрсету, сыртқы күйзелістердің экономикаға әсерін жұмсарту және қаржы жүйесіндегі теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмау үшін жағдайлар жасайды», - деді ол сөз сөйлеген кезде.

Оның айтуынша, Ұлттық Банк инфляциялық таргеттеу режімі кезінде инфляцияның нысаналы деңгейін белгілейді, оған қол жеткізу ақша-кредит саясатының құралдарын қолдана отырып жүзеге асырылады. «Инфляцияның 2017 жылға арналған нысаналы деңгейі – 6-8%, 2018 – 5-7%, 2019 – 4-6%, 2020 – инфляцияны 4%-дан аз деңгейде сақтау», - деп нақтылады                           В. Тутушкин.

ҚРҰБ өкілі инфляциялық таргеттеу режімінің негізгі басымдықтарын атап өтті, оларға сәйкес ҚРҰБ 2015 жылғы тамыздан бастап өзінің ақша-кредит саясатын жүргізеді. Бұл АКС мақсаттарын нақты айқындау;  нарықтардың АКС-ға сенімінің өсуі; инфляциялық күтулерді басқару; АКС-ның ашықтығы және транспаренттілігі; экономиканың тұрақты өсуіне қолдау көрсету; орталық банктің үкіметтен тәуелсіздігі.

«2016 жыл бойы Ұлттық Банк экономикадағы ақша-кредит жағдайларына әсер ету және түпкілікті нәтижесінде инфляция бойынша негізгі мақсатқа жету үшін инфляциялық таргеттеудің негізгі құрамдас бөліктерін іс жүзінде енгізіп, жетілдіріп отырды», - деп қорытындылады В. Тутушкин.

Ұлттық Банкте реттеушінің инфляциялық таргеттеуге өткеннен кейінгі негізгі нәтижелері туралы айтты

Журналистердің Ұлттық Банктің инфляциялық таргеттеуге өткеннен кейінгі негізгі нәтижелері туралы сұрақтарына бүгін дөңгелек үстел барысында ҚРҰБ Зерттеулер және статистика департаментінің директоры Виталий Тутушкин жауап берді.

Оның айтуынша, нәтижелердің бірі мыналар болып табылады: базалық мөлшерлемені ақша-кредит саясатының құралдары жүйесіне енгізу, тоқсан сайынғы негізде болжамдық раундтар жүргізу, олардың барысында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің, бірінші кезекте инфляцияның ортамерзімді кезеңге арналған болжамдарын әзірлеу жүзеге асырылады. «Бұл сондай-ақ телефондық пікіртерім арқылы халықтың инфляциялық күтулерін өлшеу. Пікіртерім республикалық және облыстық деңгейде репрезентативтік іріктеу бойынша жүзеге асырылады, әрбір пікіртерімге 1500 респондент қатысады, – деп толықтырды В. Тутушкин. – Мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша кірістіліктің тәуекелсіз қисығын қысқамерзімді ноттарды олардың айналыс мерзімін 1 жылға дейін ұлғайта отырып орналастыру бойынша аукциондар өткізу арқылы кезең-кезеңімен қалыптастыру жетістік болып табылады. Кірістілік қисығы ішкі нарықтағы ақша құнының бағдары, қарыз алу құны мәселесіндегі ішкі және сыртқы инвесторлар үшін ақпараттың бастапқы көзі және кәсіби қатысушылардың күтулерін бағалау мәселесіндегі белгі болып табылады».

        Өз кезегінде, ҚРҰБ Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Александр Терентьев реттеушінің коммуникациялық саясатын жетілдіруді атап өтті. Оның айтуынша, Ұлттық Банк жүргізілетін саясаттың транспаренттілігін айтарлықтай көтерді. Осылайша, ашылатын ақпарат дайындалған және сол сияқты дайын емес аудиторияны онлайн баспасөз конференциялары, басшылықпен сұхбатты жариялау, нарық сарапшыларымен кездесулер және т.с. арқылы Ұлттық Банктің іс-әрекеттерінің түсіндірмелері арқылы қамтиды. ҚРҰБ сондай-ақ әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істейді және сұрақтарға жауап беру үшін «NBK online» меншікті  мобильдік онлайн қосымшасын іске қосты.

«Қабылданған шаралар нәтижесінде валюта нарығындағы тұрақтану және долларлану деңгейінің төмендеуі, сондай-ақ инфляция деңгейінің бірмәнді деңгейге дейін төмендеуі байқалып отыр», – деп қорытындылады           В. Тутушкин.

В. Тутушкин – ҚР Ұлттық Банкіндегі модельдеу және болжамдау жүйесі туралы

Инфляциялық таргеттеу режіміне өту шеңберінде Ұлттық Банк 2014-2016 жылдары ақша-кредит саясаты бойынша шешімдер қабылдау мақсаттары үшін талдау және болжамдау жүйесін әзірлеп енгізді. Бұл жүйе инфляциялық таргеттеу режімін пайдаланатын алдыңғы қатарлы орталық банктердің озық тәжірибесі ескеріле отырып құрылды. Бұл туралы БАҚ-тың қатысуымен бүгін өткен дөңгелек үстел барысында ҚРҰБ-ның Зерттеулер және статистика департаментінің директоры Виталий Тутушкин хабарлады.

Ол жүйенің жылына 4 рет болжамдық раундтар жүргізуді болжайтынын, олардың барысында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің және, бірінші кезекте, инфляцияның ортамерзімді кезеңдегі болжамын әзірлеу жүзеге асырылатыны туралы айтты.

«Қазіргі кезде Ұлттық Банкте кезекті «2017 жылғы қаңтар-ақпан» болжамдық раунды өтуде. Болжамдық раундтың қысқаша нәтижелері бар баспасөз релизін 2017 жылғы 21 ақпанда жариялау жоспарланып отыр», – деп хабарлады В.Тутушкин.  

Талдамалық және зерттеу жұмысының нәтижелерімен Ұлттық Банктің сайтында (www.nationalbank.kz) «Ақша-кредит саясаты» бөлімінде танысуға болатынын атап өтеміз.

Анықтамалық ақпарат:

2017 жылға арналған перспективалар

·          Инфляцияны  нысаналы  дәлізде ұстау

2017 жылы Ұлттық Банк инфляция  бойынша нысаналы  дәлізді – 6-8% шамасында белгілейді. Ұлттық Банк  басқа да  тең  жағдайлар  кезінде нысаналы  бағдарға  қол жеткізуді және қолдауды бүкіл 2017 жыл бойы қамтамасыз етеді. Бұл ретте нысаналы бағдардан, оның ішінде Ұлттық Банктің ден қоюын талап етпейтін қысқамерзімді ауытқулар сыртқы және ішкі экономикалық жағдайлар  айтарлықтай  өзгерген кезде  мүмкін  болады.

·          АКС құралдарын жетілдіру

Ұлттық Банк ақша нарығында қысқамерзімді өтімділікті реттеуде негізгі  рөлді орындайтын  ашық нарық құралдарына  ерекше көңіл  бөледі. Ұлттық Банк қысқамерзімді ноттарға, бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу  бойынша аукциондарға (кредиттік аукцион) қосымша депозиттік аукциондарды енгізуді жоспарлап  отыр.

·          Коммуникациялық саясатты жетілдіру

Ұлттық Банк Ұлттық Банктің коммуникациялық саясатының ашықтығын арттыру және жақсарту жұмысын жалғастырады. Транспаренттіліктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету қазақстандықтардың  Ұлттық Банкке сенімін арттыруға,  инфляциялық және  девальвациялық күтулерді төмендетуге және ақша-кредит саясатын барынша тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.

·          Кірістілік қисығын құру

Пайыздық мөлшерлемелер бойынша нарықтық күтулердің индикаторы болып табылатын кірістіліктің тәуекелсіз қисығын қалыптастыру жұмысы жалғастырылады. Қисықтың қысқамерзімді бөлігінде Ұлттық Банк түрлі өтеу мерзімдерімен ноттарды шығаратын болады. Қажет болған жағдайда қайталама нарықта мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және сату бойынша операциялар жалғасатын болады.

·          Экономиканы кредиттеуді қалпына келтіру

Қорландыру құнын төмендету және экономиканың нақты секторын кредиттеуді қалпына келтіру бағаның тұрақтануына және іскерлік белсенділіктің қалпына келуіне қарай жүргізіледі. Бұл тұрғыда, Ұлттық Банк пайыздық мөлшерлемелерді инфляция бойынша ұзақмерзімді күтулерді тұрақтандыруға ықпал ететін және теңгемен активтерге сұранысты қолдайтын деңгейде белгілейтін болады. Осылайша, банктердің экономиканы кредиттеуін өсіруге ықпал ететін макроэкономикалық жағдайлар жасалатын болады.

·          Өзгермелі айырбастау бағамын қолдану

Ұлттық Банк бұдан былай да теңгенің өзгермелі айырбастау бағамы режімін тоқтамастан қолданатын болады. Бұл қаржы секторындағы теңгерімсіздіктің жинақталмауына, сондай-ақ экономиканың сыртқы күйзелістерге орнықтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

         

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте